Режиссер Ақан Сатаевтың «Районы» фильмі Ресейде прокатқа шығады, — деп хабарлайды juldyz.kz. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Режиссердің айтуынша, фильм Ресейдің бірнеше қаласында көрсетіледі: Санкт-Петербург, Омбы, Улан-Удэ.

«Үлкен Ресей үшін бұл көп қала емес, бірақ бұл да бір нәтиже», — деді режиссер.

Айта кетейік, «Районы» фильмі елімізде прокатқа 2016 жылдың қараша айында шыққан болатын. Фильмдегі басты рөлдерде Елтеріс Нұржанов, сондай-ақ, режиссердің қызы Мариям Сатаева сомдады.

Пікір қосу