Қазақстан қоржынына Универсиаданың алғашқы медалі түсті, — деп juldyz.kz порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Шаңғы жарысында еліміздің намысын қорғаған Анна Шевченко қола медаль алды (бес шақырым қашықтыққа жеке жарыс).

Бұл қашықтыққа жүгіруден ресейлік Лилия Васильева 14.08.6 көрсеткішімен алтын медальді еншілесе, күміс медальді ресейлік спортшы Анна Нечаевская иеленген.

Айта кетейк, 23 жасар Анна Шевченко Павлодар облысының тумасы. Қазіргі уақытта Қазақ Спорт және туризм академиясының магистранты.

Пікір қосу