«Жер митингілерін» ұйымдастырғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген атыраулық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянов Петропавлдағы жалпы режимдегі колонияға жіберілді, — деп хабарлайды Ақ Жайық .

Бұл туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде қолдау тобының азаматтық белсенділері таратты. Атап айтқанда, сотталушылардың 27 қаңтарда жіберілгені хабарланады.

Атырау облысының құқыққорғау органдарындағы «АЖ» дереккөзі Боқаев пен Аяновтың Солтүстік Қазақстан облысындағы жалпы режимдегі колонияға этапталғанын растады.

Макс пен Талғаттың жаза өтеу орнына этапталғанын «АЖ» тілшісіне тергеу абақтысының кезекшісі (өзін таныстырудан бас тартты) растады.

«Олар бұл жерде жоқ, этапталды, сенбіде жіберілген сияқты», — деп қысқа ғана хабарлады ол.

Пікір қосу