Қарапайым халыққа әлеуметтік желілер арқылы қолжетімді бола түскен жұлдыздар продюсер Алтынбек Рахметовтың сынына ұшырады деп хабарлайды nur.kz.

Танымал продюсер өзінің кезекті жазбасында  ішкен жегенін желіге салып, тым  жұлдыздарды сынға алды. Оның айтуынша, жұлдыздар халықты жеке өмірімен емес, шығармашылығымен қызықтыруы тиіс.

Продюсер қазіргі әртістер кірпік жабыстырып, ет асқандарына дейін елге көрсетіп, өздерінің қадірін кетіріп бара жатқанын тілге тиек етті. Оның ойынша, әртіс тек шығармашылық тұрғыдан ғана халыққа жақын болуы керек.

«Жұлдыздардың суға түсіп, сирек кездесетін тағам түрлерін жеп, жуынып жатқан т.б. жалғастыруға да ыңғайсыз істермен айналысып жатқанын желіден оп-оңай тауып алуға болады», — дейді продюсер.

«Әртістер шығармашылықпен 30 пайызға, ал жеке өмірімен 70 пайызға айналысып жүргендей көрінеді», — деген ол жұлдыздың өмірінде көпшіліктен жасырар тұс болуы керек деп есептейді.

Пікір қосу