Атырауда «заңсыз митингтер ұйымдастырды», «жалған ақпараттар таратты», «ұлтараздық тудырды» деп айыпталып, 5 жылға сотталған белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның апелляциялық шағымы бойынша сот басталды, — деп хабарлайды 31 арна.
Үкім бойынша, Боқаев пен Аян жазаларын жалпы режимдегі колонияда өтеуі тиіс болды. Алайда, Халықаралық ұйымдар, құқық қорғаушылар бұған дейін бейбіт қарсылық акцияларына қатысу және наразылығын білдірудің қылмыс емес екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, Боқаев пен Аянды босатуға шақырады.