Есім – біздің азан шақырып қойған атымыз. Біз өмірге келгенде кім деп аталсақ, бүкіл өмір бойы сол есіммен өзгенің жадында сақталамыз. Адам ғұмырында оның есімінің маңызы ерекше. Әдетте, ұлға да, қызға да ортақ есімдер болады. Солардың бірі — Бейбіт. Бұл есім иран тілінен «бейбітшілік, татулық» деп аударылады. Ендеше, juldyz.kz тізімдеген еліміздегі татулықтың символындай боп жүрген Бейбіттер кім екен? Оқи отырыңыздар!

  1. Бейбіт Сейдуалиева —  әнші, 1979 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. Бейбіт Сейдуалиева белгілі әнші Тоқтар Серіковтың жұбайы. Ол – сүйікті жар, ибалы келін, аяулы ана.

2. Бейбіт Қорған — әнші, 1981 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Береке ауылында дүниеге келген. Бейбіт жастардың Дарын сыйлығының иегері, оның  «Сен», «Шоқ қыздар», «Тыңдашы жаным» және т.б. әндері жастар арасында кеңінен танымал болды.

3. Бейбіт Кушкалиев — кезінде “KZ” тобының құрамында болып, кейінірек жеке өнерімен сахнаға оралған әнші. Оның қазіргі таңда «Уайымдай берме», «Аяқты қимылдат», «Қайтесің өзгені» әндері жастар арасында хит әндерге айналды.

4. Бейбіт Ыстыбаев — 2012 жылғы Қазақстан барысындағы чемпион. Еуразия барысында алтын белдік иеленген.Ол Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

5. Бейбіт Қамаранов — актер, 1984 жылы ШҚО, Мақаншы ауданында дүниеге келген. 2008 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер ретінде еңбек етеді.  Ғ.Мүсірепов «Ақан сері -Ақтоқты» – Ақан, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Қодар, Е.Аманшаев «Балкон» жігіт, Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Ілияс рөлдерінде ойнаған.

6.Бейбіт Құсанбек — тележурналист, ақын. С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ді (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) (1984) және Мәскеу қаласындағы КСРО Мемтелерадио біліктілік көтеру институтының телекомментаторлар курсын бітірген. 45 жасында 2007 жылдың 6 ақпанында жол-көлік оқиғасында қаза тапты.

7.Бейбіт Құсанбаев — Қазақстан актері, театр режиссері. Ол 1973 ж. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында дүниеге келген. 2009 жылдан бастап Жастар театрында актер боп қызмет етеді.

8.Бейбіт Сарыбай — жазушы, журналист, 1983 жылы 3 қаңтарда Алматы облысы Райымбек ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында балалар және жастар әдебиеті бөлімінде кеңесші.

 

Пікір қосу