Ақтауда аққулар қырылып жатыр. Каспий жағасында бірнеше құстың өлексесі табылды деп хабарлайды «Астана» арнасы.
Бұл осы қыста болған екінші жағдай болып отыр. Әзірге олардың неден өлгені анықталған жоқ. Экологтардың айтуынша, бір қыста әдетте 1-2 аққу өледі, ал 5 бірдей аққудың өлімі жаппай өлім болып есептеледі дейді. Мамандар бірнеше нұсқасын айтып отыр.
«Бұл құс тұмауы сияқты инфекциялық ауру болуы мүмкін. Бізде бірнеше жыл бұрын мұндай жаппай өлім болған. Ресейде жүздеген құс қырылды. Себебін анықтау үшін сараптама жүргізіп, өлекселерді зерттеу керек», — дейді «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ директоры Кирилл Осин.