Адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім адам өміріне айтарлықтай әсер етеді. Неғұрлым көркем есімдермен аталған жанның тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі екен. Сондай-ақ, «Адам есіміне тағдыры әсер етеді», «Аттас адамдар бір-біріне ұқсас болады» деген пікір де бар. Осыған орай еліміздің маңдай алды Мақпалдарын juldyz.kz тізімдеп көрді. Ендеше иран тілінде барқыт деген мағына беретін ел алдындағы Мақпалдар кімдер? Бағамдап көрелік!
Анықтағанымыздай, Мақпал есімді қыздардың бойында артистік қасиет басым, энергиясы мол, толықтыққа бейім болып келетіні дәлелденген. Рас та шығар, бұл бағалау біз білетін әнші Мақпал Жүнісоваға біршама дәл келетін сияқты.
Мақпал Жүнісова — халықтың ықыласына бөленіп жүрген әнші қыздардың бірегейі. Ол ҚР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері.
Мақпал Исабекова — әнші, 1984 жылы дүниеге келген. Ол халыққа «Superstar» жобасымен танылды. Бүгінде өз тыңдармандарының жүрегіне жол тапқан әнші.
Мақпал Жұмабай — өзінің сазды, лирикалы жырларын гитара әуенімен көркемдеп, нәзік мақамымен жеткізетін жас ақын. Ол қазіргі жастар поэзиясында «Мақпал мақам» деген әдемі есім қалыптастырып үлгерді.
Мақпал Әбдіразақова — бүркітші, 1986 жылы дүниеге келген. Ол құсбегілікпен 13 жасынан бастап айналысып келеді. Алғашқы ұстазы — әкесі Мұрат та атағы алысқа шыққан бүркітші.
Мақпал Мадиярова — журналист, 1985 жылы дүниеге келген. 2009 жылдан бері «Хабар» агенттігінде жұмыс істейді.
Мақпал Мыса — ақын, 1983 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. Өлеңдері республикалық «Өмір өрнектері», «Жас толқын» жинақтарына енген. «Алақандағы бақыт» жыр жинағының авторы.
Мақпал Байбатша -танылмай жүрген өте талантты әншілердің бірі де бірегейі. «Дүлдүлім», «Біз әлі сыңармыз», «Аға мен қарындас» әндерінің орындаушысы.