Биылғы жылы отбасылы жұлдыздардың қуанышты сәті көп болды. Әке атанған азаматтар мен сәби сүйген сұлуларымыз жетерлік. Осыған орай juldyz.kz сәбилі болғандарды назарларыңызға ұсынады:
- Әнші Мөлдір Әуелбекова 24 қараша күні ұлды болды. Ол сәбиінің есімін Салтай деп қойды. Естеріңізде болса, Мөлдір Әуелбекова 12 желтоқсан 2015 жылы Арыстан есімді азаматқа тұрмысқа шыққан еді.
2. Өнердегі жұп Арман Қоңырбаев пен Аша Матай 31-ші қазан күні сәбилі болды. Қыздарының есімін «Асылым» деп атаған жұлдызды жұп жақында сәбилерінің қырық күн толу рәсімін де өткізді. Айта кетейік, Аша мен Арман 25 қыркүйек 2015 жылы үйленген болатын.
3. «Информбюро» жүргізушісі Аида Боранбай 28-наурыз күні ұлды болды. Нәрестенің ата-апасы көп күткен сәбидің есімін Ерасыл деп қойды.
4.«Муз-ТВ» телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияровтың зайыбы 15 ақпан күні Майамиде қыз босанды. Бұл — Арманның 4-ші перзенті.
5. Қазақстандық актер Ернар Нұрғалиев пен оның жұбайы, актриса Әсел Қалиева 25 қазан күні нәрестелі болды.
6. Сәкен Майғазиев 24-қаңтарда үшінші сәбиін перзетханадан үкілеп шығарып алды. Қызының есімін «Мәриям» деп қойды.
7. 8-қаңтар күні жұлдызды жұп Бүркіт пен Аишаның екінші ұлдары дүние есігін ашты. Ата-анасы сәбилерінің есімін Омар деп атады. Естеріңізге салсақ, олар 2010 жылы отау құрған болатын.
8. «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев 19 желтоқсан күні қызды болды. Айта кетсек, ол 2014 жылы 25 наурызда Әйгерім атты аруға үйленген еді.
9. «Жігіттер» квартетінің мүшесі Ердос Қанаевтың қызы шілдеде дүние есігін ашты. Ол сәбиінің есімін «Асылым» деп атады. Бұл — олардың үшінші перзенті.
10. «Жау жүрек мың бала» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Әлия Әнуарбек ана атанды. Бірақ, сәбилеріне қандай есім бергені белгісіз. Айта кетейік, актриса 14 маусым 2014 жылы Азаматқа тұрмысқа шыққан болатын.