Талай жылдан бері сахнада жүрген өнер иелері биыл мерейтойлық концерттерін берді. Осыған орай juldyz.kz атаулы концерттерді назарларыңызға ұсынуды жөн көрді:
1.Биыл Шахизада Байпатжанованың сахнада жүргеніне 30 жыл толыпты. Осыған орай әнші 26 қазан күні Республика сарайында «Саған ғана…» атты ән кешін берді. Әншінің «Жан жарым», «Сағындым сені», «Қыз ұзату» , «Әгугәй» атты әндері көпшілікке танымал.
2. Заттыбек Көпбосынұлы үшін де биылғы жыл елеулі болды. Өйткені, әнші сахнада жүргеніне 20 жыл толуына орай Алматы қаласында 25 қарашада «Екі ғасыр — бір ғұмыр» атты шығармашылық концертін берді.
3. Биыл «МузАРТ» тобына — 15 жыл. Осыған орай топ мүшелері жеке концертін берді. Сондай-ақ, «Музарт live» жобасын жасап, өз ізбасарларын да анықтады.
4. Эстрадамыздағы әдемі әнші қыздардың бірі Мәдина Сәдуақасова үшін де биылғы жыл ерекше есте қалды. Әнші «Жұлдызым» атты ерекше стильдегі жеке концертін беріп, сахнада жүргеніне 20 жыл толуына арнады.
5.»КешYOU» тобына — 10 жыл. Осы атпен биыл топ мүшелері шығармашылық концертін берді. Айта кетейік, «КешYOU» тобы ең алғаш 2006 жылы «Саф» деп аталып, кейін топтың аты «КешYOU» деп өзгертілді.