30-дан асып барамын… Ақбоз ат мінген ханзадаларын күтіп жүрген сұлуларымызды juldyz.kz назарларыңызға ұсынады.
Жания Джуринская — актриса. Бірнеше телехикаяларда басты рөлді сомдаған актриса 6 желтоқсан күні 1990 жылы Байқоңырда дүниеге келген. Жания өзінің жеке өмірін құпия ұстайды.
Жанар Дұғалова — әнші, 17 қаңтар 1987 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол өзінің болашақ жары туралы: «Мен болашақ жарымның музыканы жақсы көретін адам болғанын қалсам да, әнші болғанын қаламас едім. Бірақ, кім біледі, күйеуім әнші болуы да мүмкін ғой Дегенмен, өз басым күйеуімді режиссер, жазушы секілді шығармашылық адам болса деп армандаймын» деген. Жанар да жеке өмірін құпия ұстайтындардың қатарынан табылатын ару.
Әсел Садуақасова — актриса әрі әнші. Ол 1985 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Жеке өмірін құпия ұстайтын актриса бұдан біраз уақыт бұрынғы жігітімен даулы мәселесін реттеген еді.
Кәмшат Жолдыбаева — әнші, 28 қаңтар 1988 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. Басқа арулар сияқты Кәмшат та жеке өмірін ашық түрде жариялаған емес. Дегенмен, осы кезге дейін тыңдармандары оны бірнеше рет «тұрмысқа шығарып» қойды.
Мақпал Исабекова — әнші, 1984 жылы дүниеге келген. Байқауымызша, ол жеке өмірі туралы мүлде айтпауға тырысады.
Анар Аязбаева — әнші. «Асыл» тобының аруы да жеке өмірін екінші орынға қояғандар қатарында.