Ақтөбе облысында Әйтеке биге ескерткіш орнатылды, — деп juldyz.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 

Тәу­ел­сіздіктің 25 жылдығы аясында Қарабұтақ ауылында Қазақ жұртының тыныштығы мен тұтастығы жолында көсемдігімен де, шешендігімен де қызмет еткен дарабоз тұлға, елдің бірлігін нығайтуға үлес қосқан атақты үш биіміздің бірі — Әйтеке би ескерткіші ашылды.

Төле және Қазыбек билермен бірге қалың қазағының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған Әйтеке би — философ, дала данышпаны, мемлекет қайраткері. Ол 25 жасында Кіші жүздің бас биі болған, Әз Тәуке хан құрған билер кеңесінің мүшесі, абыз баба, дарабоз тұлға қандай құрметке де лайық. Әйтеке биді есте қалдыру бағытында біраз шаруалар да жасалды. Облыс орталығында ескерткіші орнатылды. Оның атын­да аудан, көшелер, ауыл бар. Осы Қарабұтақ өңірінде Әйтеке бидің 350 жылдығы аталып өтті.

Биіктігі 7 метр болатын Әй­теке бидің ескерткіші Қара­бұ­тақ ауы­лы­н­а кіреберістегі үш жол­дың, «Батыс Еуропа — Ба­тыс Қытай» халықаралық көлік дәлі­зінің Қызылорда бағытына және Қос­танай бағытына бұрылатын ай­рығына орнатылған. Мұның өзі — үш бағытқа жүретін авто­кө­­лік жүргізушілері мен жолаушылардың назарына бірден ілігетін көрнекті орын. Бұл ескерткішті орнатуға «Қазавтожол» ҰК» АҚ Ақтөбе об­лыстық филиалының директоры Бағлан Баймағамбетов пен бас мердігер, «Қазавтожол» рес­публикалық мемлекеттік кәсіп­орны Ақтөбе облыстық филиа­лының директоры Әкімжан Өте­мұратов бастамашы болды.

Пікір қосу