Биылғы жылдың қарашасында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 142 мың теңге болды, делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылдың қарашасында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 142 088 теңге болған.

«2016 жылдың қазанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 73 898 теңгені құрады, бұл 2015 жылдың қазанымен салыстырғанда 1,2%-ға жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 9,2%-ға төмендеді. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші (экономикалық белсенді халық) санына шаққанда 5%-ды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны қарашаның соңында 64,6 мың адамды немесе жұмыс күшіне шаққанда (экономикалық белсенді халық) 0,7%-ға жетті», — деп толықтырды баспасөз қызметі.

Пікір қосу