Мынау неткен зар заман,

Жүректіге тар заман.
Сені өлтірген дұшпанға,
Зауал келсін алладан.
Асыл едін, мыс болдың,
Қарағым, көрген түс болдын.
Ізің жатыр, өзің жок,
Бейнең бар да, көзің жок.
Қайдасың, қайда, қарағым?
Ел көзінше жыламай,
Қөздің жасын бұламай,
Анашыңның жасырып,
Өксігенін білдің бе?
Тар құрсақты кеңіткен,
Тай-кұлындай тебіскен,
Бауырыңның сені іздеп,
Боздағанын білдің бе?!
Өзіңдей кыздың казақта
Бір туарын білдің бе?!
Күн туарын білдін бе?!
Шырын емес, у ішіп,
Арасы доспен суысып,
Қара орманы шайқалып,
Самұрык беті тайсалып,
Қайынды елдің боданға
Бопсаларын білдің бе?!
Абылайлап бір күні,
А құдайлап бір күні,
Үш жүздің басы бірігіп,
Қалың елдін қойнына
Оқ саларын білдін бе?!
Қарағым менің қор болды-ау,
Заманын сенің зор болды-ау.
Желтоқсанның дүмпуі,
Сан анаға сор болды-ау.
Оу, көздін жасын бұлайын,
Жүректі жеді-ау уайым,
Жасқа ғұмыр бере көр,
Жарылқағыш құдайым.
Оу, он екіде бір гүлі ашылмай,
Жүректегі нұры шашылмай,
Бұлаңдаған үкі емес,
Мүлгіген мола, басында — Ай.
Боташымды мерт қылған
Жалғанға мынау не дауа-ай ‘
Әй, озбырлардың құқын-ай,
Көк найзаның тұқылы-ай,
Ерге емес, қызға артқан
Заман жүгін бұ кұдай.
Желтоқсанның анаға
Ызғары көп, қарағым,
Намыстан өлген қазақтың.
Қыздары көп, қарағым.
Күндік кешпей, мұң кешпей,
Ат артына мінгеспей,
Мұңдық болып мұңаймай,
Тәкаппар нағыз құдайдай,
Қасқайып карап тұратын,
Ағасы өлсе, іні боп,
Жауына қарсы шығатын,
Арыстандай алысып,
Жолбарыстай жұлқысқан
Қыздары көп қазақтың.
Сен де соның бірісің,
Өлген жоқсың, тірісің.
Тірі жүрген қыздардың,
Сыйынар жалғыз пірісің.
Бота көзің боталап,
Қиянаттан қаталап,
Дәл он алты жасыңда,
Жан адам жоқ қасыңда,
Қыршыныңнан қиылдың.
Қара жерге бұйырдың.
Алқара көк аспаның
Аяласын, Ләззат.
Шейіт болған жас жаның,
Тыңым алсын, Ләззат.
Көктем келді,
ұйқыңнан
Оянарсың, Ләззат.
Күн нұрына қуанып,
Боянарсың, Ләззат.
Табытыңда оянып,
Таң қыларсын, Ләззат.
Құлдыраңдап құлындай,
Шапқыларсың, Ләззат.
Қысқа күндей қызарып,
Баттың ба екен, Ләззат?!
Елінді сүйіп азапты
Таптын ба екен, Ләззат?!
Айдай аппақ аруды
Аямаған қанішер.
Туды екен білмеймін,
Қай анадан қанішер.
Зарлағанда не табам,
Сабыр бергін, жасаған.
Кімге ғана ұстатар,
Қысқа ғұмыр қашаған.
Жауға қимас арысты,
Тілегіңнен айналдым.
Қыз да болсан намысты
Жүрегіннен айналдым.
Бұл заманның, қарағым,
Алды кең де, арты тар.
Батыр боп өткен ботасын,
Мен емеспін зар тұтар.
Заманың сені бір сатқан,
Адамын сені бір сатқан.
Заманына қақайып,
Қарсы тұрған, боташым,
Алтын сақа асықтай,
Алшы түскен, қарағым.
Дәл өзіңдей қыз тапқан
Менде де арман бар ма екен,
Қайтейін, құдай, қайтейін!?

Зайда Елғондинова
«БОЗДАҚТАР»
«Желтоқсан құрбандарын жоқтау» кітабынан
Алматы «Жалын» баспасы, 1992 жыл

qasym.kz

Пікір қосу