Қайрат Нұртас Тәуелсіздік қарсаңында Президенттің жарлығымен, «Құрмет» орденінің иегері атанды. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін әнші «Дарын» сыйлығын иегері атанған еді.

Бұл туралы әншгі желідегі парақшасына: «Ассалаймағалейкум, құрметті жамағат! Ең алдымен баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтаймын! Осындай марапатты алу мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік. Елбасымызға және мені Қайрат еткен тыңдармандарыма шын жүректен алғыс айтқым келеді.Біз қандай жетістікке жетсек де ол еліміздегі бейбіт заманның, Елбасымыздың xалқы үшін төккен терінің себебінен деп білемін. Міне өнерімізді xалыққа ұсыну үшін де барлық жағдай, үлкен мүмкіндіктер жасалған. Сондай нысандардың бірі “Алматы аренада” Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған ән кешімді бермекпін. Бізге осындай бақытты өмір мен толағай табыстар сыйлаған тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!» – деп жазды.

Пікір қосу