Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болды.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Суреттен байқағанымыздай, жарлыққа 2016 жылдың 5 желтоқсанында қол қойылған.
Әлеуметтік желідегі тележүргізушінің оқырмандары Ләйлә Сұлтанқызын құттықтап, марапатқа әбден лайық екендігін жазуда.