Бұл туралы әнші «Әйел бақыты» бағдарламасында айтып берді.
«Бала кезімнен ата-анам қара жұмысқа тәрбиеледі. Үйде үш қыздың кенжесімін. Ұл болмағандықтан, сырттың жұмысы біздің мойнымызда болды. Қыз болып қуыршақ ойнамадым. Ес біле келе ойын бізге арман болып кетті. Себебі,»ана жұмысты бітірдің бе?», «мына жұмысты жасадың ба?» деп жүргенде ойнауға шамамыз болмайтын. Бірақ,еңбектен ешкім өліп қалған жоқ. Кейін маған үлкен пайдасы болды», — деді әнші Индира Расылхан.
Сондай-ақ, ол отбасындағы қиындықтарды қалай еңсергенін де айтып берді.
«Ұлымды дүниеге әкелер алдында жолдасым жол апатына түсіп, төсекке таңылды. 5-6 айдың көлеміндей жатып қалды. Ол кезді қазір айтсам жылағым келеді…Күнкөрістің қамымен ақша табу керек болды. Тойға шақырудан қалып қалдым. Содан біздің үйдің астында жеміс-жидек сататын дүкен бар болатын. Сонымен келістім. «Мына жерді арендаға алайын. Өзім әкелген жеміс-жидекті сатып тұрамын» дедім. Бір інімді тәрбиеледім.Таңертеңгі сағат 4-те тұрып кетемін. Базарға барып, жеміс-жидек алып келетінмін. Сөйтіп, жағдайымызды жасап алдық. Сондықтан,Қара жұмыстан қорқудың қажеті жоқ», — деді әнші.