мейрамбек

Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев — әнші, МузАРТ тобының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

Туған жылы: 8 қараша,1976 жылы

Туған жері: Жамбыл облысы, Талас ауданы

Білімі:

  1. Тараз қаласындағы «Глинка» атындағы музыкалық мектептің Қобыз сыныбы;
  2. 1989 жылы Алматы қаласындағы К.Байсейітова атындағы музыкалық мектебі;
  3. 1994-1998 жж. Т.Жүргенов атындағы театр академиясының «Актер, драма, кино» факультеті.

Отбасы: Жұбайы Мархабат, қызы Кәусар, ұлы Әбухайыр

Еңбек жолы:

  • «Сүйінбай» атындағы филармонияда әнші (солист) қызметін атқаруымен бастайды;
  • 2002-2007 жж. Қазақконцертте әнші.

Мейрамбек Бесбаев Жастайынан ән салып, халыққа танымал болды. Оның репертуарында Кенен Әзірбаевтың, А.Қоразбаевтің («Бозторғай», «Кеш жарық», «Шаш-баулым», т.б.), Н.Тілендиевтің «Өз елім», т.б. қазақ композиторларының әндері бар. Қазір «Қазақконцерттің» әншісі, сондай-ақ, танымал «МузАрт» тобының мүшесі. 2010 жылы Баян Есентаеваның продюсерлігімен әрі барлық өнер адамдарының қатысуымен түсірілген «Ғашық жүрек» атты кинода өз-өзін сомдайды.

  • Фильмография
  • 1991 ж. «Қоштасқым келмейді» (Нұрсейіт)
  • 2010 ж. «Ғашық жүрек» (Мейрамбек Беспаев)
  • 2011 ж. «Ғашық жүрек 2» (Мейрамбек Беспаев)

 

Пікір қосу