Әнші Мөлдір Әуелбекова ана атанды. Бұл туралы әншінің өнердегі достарының бірі Жазира Байырбекова әлеуметтік парақшасында бөлісті.
«Сүйінші, ән сүйер қауым! Арыстан мен Мөлдір Алланың қалауымен ұлды болды!» деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетсек, Мөлдір Әуелбекова былтыр 12 желтоқсанда Арыстан есімді азаматқа тұрмысқа шыққан болатын.
Біз де әншіні сәбилі болуымен құттықтаймыз! Кішкентайының бауы берік болсын!