Әзіл-сықақшы, пародист Аманғали Сыпабеков үйленді. Бұл туралы Инстаграм әлеуметтік желісінде «Әзіл әлемі» театрының әртістері мен А.Сыпабековтың әріптес-достары жазуда.

Олар желіде әртістің Марал есімді болашақ жарының ұзату тойынан фото және видеолармен бөлісуде. Дүбірлі той Тараз қаласында өткен.

«Әзіл әлеміне келін түсіп жатыр. Марал қош келдің біздің ортаға!», — деп жазды Инстаграмға театрдың әртісі Қанат Әлжаппаров. Өз кезегінде Қайрат Әділгерей де: «Аманғали-Марал, бақытты болыңдар!», — деп құттықтады.

 

2 пікір

Пікір қосу