Бибігүл Ахметқызы Төлегенова — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967).
Туған жері: Семей
Туған жылы: 16.12. 1929
Отбасы:
- Анасы: Майнұр
- Әкесі: Ахмет, Сталин репрессиясының құрбаны
- Апа-сіңіллері: Бибінұр, Роза және Клара
- Қыздары: Гүзел, Мәриямгүл; ұлы: Төлеген
- Немерелері: Әділ, Қайрат, Бағдад
- Шөберелері: Дәмира, Ескендір
Білімі:
1948 Алматы мемлекеттік консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы.
Еңбек жолы:
1951 – 1971 Қазақ радиосының және Қазақ мемлекеттік филармониясының әнші-солисі;
1971 – 1979 Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әнші-солисі;
1980 жылдан бері Қазақ Ұлттық консерваториясының оқытушысы, профессор.
Таңдаулы партиялары:
- Римский-Корсаков «Ақшақар» — Ақшақар
- Верди «Риголетто», «Травиата» — Виолетта, Джильда
- Россини «Севильский цирюльник» — Розина
- Доницетти «Дон Паскуале» — Норина
- Брусиловский «Қыз Жібек» — Қыз Жібек
- Рахмадиев «Алпамыс» — Гүлбаршын
- Жұбанова «Еңлік-Кебек» — Еңлік
Түскен фильмдері:
Дала қызы», «Бұл Шұғылада болған еді», «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште»
Марапаттары:
- Ленин ордені және Еңбек Қызыл Ту ордені
- Қазақстан Республикасы Президентінің Жеке Алтын белгісі
- «Орақ және балға» медалінің және Ленин орденінің ұсынылуымен қоса Социалистік Еңбек Ері