– Арман аға, «Қазақ байыса қатын алады, өзбек байыса үй салады» деген сөз бар, үйдегі жұбайыңыз біріншісі ме?

– Өзімнің жұбайым, туған жұбайым… бірінші әйелім… және соңғысы деп кәміл сенемін (күлді).

– Жұбайыңызға тарту еткен ең қымбат сыйлығыңыз?

– (Ұзақ ойланып). Практицизм жағынан сұрап тұрсаңыз, жауап бере алмаймын. Дәл сіз қойып тұрған сұраққа қаржыгер ретінде жауап берсем, мен Арман Дүйсенов болмас едім. Бәлкім, жұбайым үшін менің сыйлаған қымбат автокөлігімнен, әшекей бұйымымнан гөрі, шынайы сезіммен сыйлаған бір шоқ гүлім қымбатырақ, бағалырақ көрінетін шығар?! Әйел атаулының жанын, дүниетанымын, біз, ер кісілер, соңына дейін еш уақытта түсіне алмаймыз. Сондықтан жұбайыма жасаған сыйлықтарымның қаншалықты қымбат екенін өзінен сұрау керек шығар. Мен оны балалармен бірге Америкаға әлем чемпионатына жібердім, туған күнін Дубайда өткіздік, Toyota Сamry 40 жеңіл автокөлігін алып бердім, TIFFANY-дің платинадан жасалған гауһартасты жүзігін сыйладым, яғни балаларымның анасына сый-құрметімді көрсеттім. Ер адам әйелін бағалай, аялай білуі тиіс, мүмкіндігінше ұдайы сыйлықтар жасап тұруы керек.

Арман

– Сіз танымал тұлғасыз. Жарыңызға менің дәрежеме сай киініп жүруің керек демейсіз бе?

–Жұбайымның жауапкершілігінің биіктігі соншалықты – керісінше, ол маған «Дұрыс, таза киінуге тиіссің, себебі елдің назарында жүрсің, өзіңді таза әрі көрікті ұстай білуің керек» деп айтады. Мен кәсіби музыкантпын, өзгелердей емес (күлімсіреп), он сегіз жылымды инемен құдық қазғандай, осы кәсіби музыкадан білім алуға арнадым. Айтайын деп отырғаным, біз үшін, яғни музыканттар үшін бәрібір, үстімізге жыртық-жыртық джинсымызды киіп алып жүре береміз. Бізге ең қымбаты – музыкалық аспабымыз (жанында тұрған күйсандығын көрсетіп). Мына Roland, Korg және т.б. осы сияқты өндірушілер шығарған кәсіби музыка аспаптары мен үшін киім-кешекке қарағанда маңыздырақ.

Табысы

– Негізгі табыс көзіңіз қандай, телевидение ме, әлде композиторлығыңыз ба?

– Композиторлығым да, телевизия саласы да, асабалығым да – бәрі де мен үшін негізгі табыс көздері.

– Асабалықтан жақсы қаржы табатын сияқтысыз. Құпия болмаса, асабалығыңыздың ақысын айта кетсеңіз…

– Мен тойды екі тілде жүргізе беремін.Сондықтан қала ішінде 3000 АҚШ доллары, ал өзге қалаларда 5000 АҚШ доллары болып қалар-ау, шамасы.

– Қаржыдан қиналып, қара жұмыс істеген кездеріңіз болды ма?

– Мен не істемедім, не көрмедім… Бірақ ешқашан музыкадан алыс кеткен емеспін. Қиын кезеңдерде мейрамханаларда ән айтып, нәпақамды табатынмын. Ал алдағыны бір Алла біледі.

– Отбасыңызда ақшаға кім иелік етеді? Сіз бе, әлде жұбайыңыз ба?

– Иелік еткенде… Ақшаның қайда тұрғанын білеміз ғой бәріміз. Бірақ қаражат жағы негізінен келіншегімнің қарамағында.

– Бүкіл табысыңызды жұбайыңыздың қолына тапсырасыз ба сонда?

– Иә, ала салысымен әйеліме беремін. Ақшаны келісе отырып жаратамыз. Ақша жағына келгенде менің сәл бостығым бар.

 

(…толық нұсқасы
«Жұлдыздар отбасы» журналының 

№4 (142) ақпан 2013 жылғы санында)

Дайындаған косметолог-визажист Светлана АХМЕТОВА

Пікір қосу