Әмен Елемесұлы Тұяқов – жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1965)
Туған жылы: 12 ақпан, 1938 жылы
Туған жері: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылы
Білімі: Гурьев педагогикалық инистутының физика-математика факультеті (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті);
Отбасы: Жары Алма, қызы Сұлушаш, ұлы Арман;
- 1960ж. Қазақстан чемпионаттары мен спартакиадаларының бірнеше дүркін жеңімпазы.
- 1965-1967 ж. КСРО чемпионатының 100 м жүгіруден күміс жүлдегері;
- 1962 – 1963 ж, 1965 –1966ж. 200 м-ге жүгіруден алтын медаль иегері;
- 1962 – 1963 ж. 4*100 метрлік эстафеташылар жарысының чемпионы;
- 1963-1967 ж. КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы;
- 1966 ж. (Будапешт, Венгрия) Еуропа чемпионатында 4*100 метрлік эстафеташылар жарысының күміс жүлдегері және кубогының жеңімпазы;
- 1965 ж. КСРО-АҚШ (Киев, эстафета 4*100, 39,3 КСРО рекорды);
- КСРО-Англия (1966, Лондон), Франция-КСРО (1965, Киев) және Соц. достастық елдері әскерлері арасындағы матчтық кездесулерінің жеңімпазы.
- 1963-1967 ж.(Мәскеу), Ағайынды С. және Г. Знаменскийлерді еске алуға арналған халықар. турнирде 100 және 200 м-ге жүгіруден алтыннан алқа тақты;
- 1962-1967 ж. Чехословакиялық Рощитский, польшалық Кусатчинский құрметіне арналған халықаралық жарыстың жүлдегері;
- 14 рет КСРО Қарулы Күштерінің чемпионы атағын иемденді;
- 6 рет КСРО рекордын жаңартты.
Қызметі:
- 1971 – 1992 ж, Алматыдағы Қ.Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернатта бапкер;
- 1992 – 1999 ж, жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері.
Марапаттары:
- 1997ж. ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері;
- 1965ж. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.