Бұл туралы Instagram желісіндегі 91_world парақшасы жариялады. Әншінің айтуынша, ол осы кезге дейін топ туралы 3 рет сұхбат берген. Алайда, журналистер сөзін қысқартып, тек киіміне қатыстысын ғана жариялайды екен. Сәкен Майғазиев бұл топты қолдауының 9 себебін түсіндіріп берді.
1.Ана тілінде ғана сөйлеп, сұхбат беріп, ән шырқап, қазақ тілін дәріптеп жүрген талантты жігіттер.
2.Өз бағытының шебер орындаушылары.
3.өте жақсы вокалистер, диапазондары кең, милизматиканы мықты меңгерген, тембрлері тамаша, тағысын тағы.
4.Керемет рэп-орындаушылары.
5. жігіттер өте сабырлы әрі байсалды. Оларды балағаттап, бейпіл сөздер айтса да, боқтай білмейтін байсалды балалар. Мен өнер адамы болғаннан кейін оларды зерттедім, қарадым. Олар психология тұрғысында қандай да сынға дайын болды.
6.Еңбекқор Жігіттер. Кәсіби сахнаға шығу үшін екі жыл дайындалды.
7.сахналық би қимылдары кәсіби, синхронды қимылдайды, сахнадағы еркіндігі өте керемет.
8.Қазақстан эстрадасында үлкен пікірталас, сын-ескертулер, дау туғызған, былайша айтқанда «Атың шықпаса, жер өрте» деген мысалына «амал» жасап жүрген алғашқы топ.
9.қайырымдылықпен үнемі айналысады.
Осыған дейін NINETY ONE тобының концерті Шымкентте, Қызылордада, Қарағандыда, Жезқазғанда өтпей қалып, соңы дауға ұласқан болатын.