серік оразбаев

Оразбаев Сәбит Қоңырбайұлы, актер, ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Еңбек қызыл ту», «Парасат», «Отан», 1-дәрежелі «Достық»  ордендерінің, «Мәдениет үздігі» төсбелгісінің иегері.

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы

Туған жылы: 29 қаңтар, 1936 жылы

Білімі: 1955-1959 жылдары  Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық консерваториясының театр факультеті, мамандыға актер;

Еңбек жолы:

1960 жылдан бері М. Әуезов театрында еңбек етеді.

Марапаттары:

  • 1976 ж. Қазақстан Республикасының халық әртісі;
  • 1994 ж. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
  • 1994 ж. Өзбекстан Республикасының еңбек  сіңірген әртісі.

Ең алғаш Қ. Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», «Құдағи келіпті», Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» спектакльдерінде жарқырады. Жарты ғасырдан аса шығармашылық өмірінде  қазақ және әлем классикасы, қазіргі заман драматургиясынан жүзге тарта  сахналық кейіпкер сомдады. Олар:

  • Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуындағы» Жантық;
  •  Ә. Тәжібаевтың «Майрасындағы» Дүрбіт;
  • З. Шашкиннің «Жаяу Мұсасындағы» Жаяу Мұса;
  • А. Островскийдің «Жазықсыз айыптылардағы» Муров;
  • Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Исабек;
  • О. Бодықовтың «Дала тұтқынындағы» Достоевский;
  • Т. Ахтановтың «Антындағы» Әбілхайыр хан;
  • Н. Гогольдің «Ревизорындағы» Дуанбасы;
  • Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен теріндегі» Сүйеу;
  •  Ә. Таразидің «Жолы болғыш жігітіндегі» Асан;
  •  Д. Исабековтің «Тыныштық күзетшісіндегі» Демесін;
  • Чеховтың «Сүйікті менің ағатайымындағы» Серебряков;
  • А. Сүлейменовтің «Төрт тақта-жайнамаз» драма-диалогындағы Әбдінәсім шал;
  •  Д. Исабековтің «Ескі үйдегі екі кездесуіндегі» Айтөре;
  •  Б. Мұқайдың «Өмірзаясындағы» Әли;
  • Қырғыз драматургы М. Ғапаровтың «Тұзды шөліндегі» Президент;
  • К. Аширдің «Қабыл – Адам ата перзентіндегі» Ібіліс;
  • М. Байсеркеновтің «Абылайханның ақырғы күндеріндегі»  Бұқар жырау;
  • Ф. Буляковтың «Отыз ұлың болғаншасындағы» Абдулла;
  • Қырғыз драматургы Б. Жакиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай…» драмасындағы басты кейіпкер Қария;
  • М. Әуезовтің «Абай» трагедиясындағы Мағауия;
  • З. Шашкиннің «Жаяу Мұсасындағы» Мұса;
  • Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-анасындағы» Майсалбек.

Пікір қосу