Атыраулық балуан Айдын Тәжіғали еркін күрестен 23 жасқа дейінгі ересектер арасында Азия чемпионатының қола жүлде иеленді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан чемпионатта Айдын Тәжіғали 70 келі салмақта сынға түсті. Алғашқы кездесуінде қазақстандық балуан Түркіменстан спортшысын 10:0 есебімен ұтты. Екінші белдесуде қытайлықтан 12:2 есебімен алға шықты. Үшінші кездесуде Иран балуанына 8:5 есебімен ұтылып қалды. Үшінші орын үшін таласта қырғыз елінің балуанын 12:2 есебіменұтып, қола жүлдені қанжығасына байлады.

Пікір қосу