Жаркент маңында екі көліктің соқтығысуынан үш адам мерт болды. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

25 наурызға қараған түні Алматы — «Қорғас» автожолының 313-шақырымында Audi 100 мен Toyota Camry көліктері соқтығысқан.

«Оқиға орнында Toyota жүргізушісі қаза болды. Екі жолаушы ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.

Сонымен қатар, Жаркент ауруханасына тағы үш адам жеткізілді», — деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.  Құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, апаттан соң сараптама жасалған, қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Пікір қосу