Көп қыздың арманы болған Тәуекел Мүсілім сүйіктісі бар екенін жариялады. Сері жігітің жасы 30 ға келіп қалғанымен, ғашығы небәрі 18де екен. Бұл туралы Тәуекел  «Ел аузында» бағдарламасында айтып кетті.

“Қазір кездесіп жүрген қызым бар. Жасы 18-де. Арамыз 11 жас. Алайда 18 жастағы қыз деп айтпайсың. Өмірге деген көзқарасы тұрақталған, салмақты, көп сөйлемейді. Жеке қалған кезде жақсы сырласамыз. Ал табиғаты, мінезі өзіме келеді. Көбінесе ер азаматтар анасына, әпкесіне ұқсайтын қыз іздейді дейді ғой. Сол сияқты оны алғаш көрген кезімде, өзімнің әпкемді көргендей болдым. Араласа келе, мінезі де сондай екенін білдім. Сол себептен сондай мінезімен маған ұнады деп айта аламын.
Анаммен әлі таныстырған жоқпын. Кездесіп жүргенімізге көп болған жоқпыз. Бір жобамды бітірген соң, анаммен таныстыру ойда бар. Анам да күтіп жүр. Толықтай өзім қалағандай қыз, мінезі жағынан келеді. Қарапайым отбасынан шыққан”, – дейді Тәуекел.

Тәуекел ғашығының әлі оқу оқып жүргендігін айтып, 1-2 жылдан кейін үйленіп қалуы мүмкін екендігін мәлімдеді.

 

Пікір қосу