Белгілі журналист Асхат Садырбай «Бақытты әйел» бағдарламасына берген сұхбатында экс-әйелі Ерке Есмаханмен ара-қатынасы туралы ашық айтып кетті.

«Еркемен араласамын. Келіншегім Айғаным мені қызғанбайды. Себебі Ерке өз алдына кеткен адам. Сүйген жігіті де бар шығар. Оған бақыт тілеймін. Өзіне де ол пейілімді айттым. Ортамызда бала бар. Сол үшін араласамыз.

Еш айқай-шусыз тарастық деп айта аламын. Себебі бұл жағдай қаншама жыл бұрын болған дүние. Оған еш ренжімеймін. Ренжісем де кешіре саламын.» -деді журналист

«Әрине, қазіргі махаббатым бұрынғыдай емес. Өзгерген. Ол дегеніңіз алғашында менде қызға деген махаббат болды. Қазір әйелге деген махаббат.

Зейін деген ұлымыз бар. Болашақта ағасы Мүсіліммен араласып, жақсы араласады деген үміттемін. Олар еркін, өздерінің бастарын алып жүрсе екен деймін. Олардың қаны бір. Сондықтан алыстамайды деп ойлаймын»,-дейді журналист Асхат Садырбай.

Пікір қосу