«Мөлдір Әуелбекова күйеумен ажырасып кетіпті» деген пікірлерге әншінің инстаграм парақшасында көз сүрінеді. Оған себеп те жоқ емес сыңайлы. Өйткені Мөлдір өзінің парақшасында жұбайымен түскен суреттерін, тойдың видеоларын, Арыстан екеуінің бақытты шақтарын тегіс өшіріп тастаған. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Дегенмен 2015 жылы отау құрған бақытты күндерінің фотоестеліктеріне өзге емес Мөлдірдің өзінің парақшасынан неге орын табылмай қалғанына жанкүйерлері қапалы.

Мөлдір Әуелбекова күйеуімен ажырасты деген нақты ақпарат жоқ. Біздің жеткізіп отырғанымыз болжам ғана. Қалай дегенмен, Мөлдір ханымның өзінен бір жазба күтеміз.

 

Пікір қосу