Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысында республикалық театрлардың қызметі мәселелері талқыланды. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

ҚР мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы баяндағандай, Министрліктің басқаруына мәдениет және өнердің білім беру мекемелері берілді, соның арқасында бүгінде шығармашылық кадрларын үздіксіз дуальді оқыту қағидасы қамтамасыз етілді. Өткен жылы, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астанада барлық Еуразия кеңістігіндегі алғашқы балет әртістерін кәсіптік даярлау орталығы – Қазақ ұлттық хореография академиясы құрылды. Бұл Орталық Азия мен Еуропадағы балет әртістерін 1 сыныптан докторантураға дейін үздіксіз даярлауды қамтамасыз ететін жалғыз білім беру мекемесі.

«Астана балет» театрының труппасы Жапония, Корея, Қытай, Польша, Ресей, Қазақстан бойынша гастрольдерде өнер көрсетеді. Өткен жылы «Астана опера» ұжымының Карло Феличе итальяндық театры сахнасындағы Дж. Пуччинидің «Богема» операсымен гастрольдері аншлагпен өтті. Министрліктің басқаруына берілген «Қазақстан» ОКЗ ғимаратында Қазақстандағы алғашқы мамандандырылған «Астана мюзикл» театры құрылды, ол бір жылдан аз уақыттың ішінде аншлагпен өткен үш сәтті мюзикл — «Достар серті», «Мюзикл әлеміне саяхат» және «Ер Төстікті» қойды. Бүгінде театр ЭКСПО-2017-ге жаңа үш қойылым әзірлеп жатыр, — деді А.Мұхамедиұлы.

Пікір қосу