Продюсер Баян Мақсатқызының есімімен сусын шығарылмақ. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Сусынды шығару кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің идеясы екен. Кәсіпкер жаңалықтарымен 31- арнаның “Айта берсін” бағдарламасында бөлісті.

“Сусынды Баян Мақсатқызы деп атауға болады. Нарық болса, неге шығармасқа? Менің кәсібімдегі ең маңызды нәрсе – тұтынушы мен оның адалдығы. Яғни тұтынушы тұтынуға дайын болса, біз өндіруге әзірміз. Баян Мақсатқызы рұқсатын берсе, оның атымен де сусын шығарсақ деймін”, – дейді Тұрсынғали Алагөзов.

Кәсіпкердің айтуынша, жаңа сусынның дәмі ерекше, ал бағасы қолжетімді болуы тиіс.

“Одан махаббаттың, көктемнің, мүмкін лағыл тасының немесе анар жемісінің дәмі шығуы керек. Ол ащы да, тәтті де болмауы керек. Дәл Баян Мақсатқызы секілді көңілді, жайдары, мейірімді болса деймін”, – деп түсіндірді Алагөзов.

Бұл ретте Баян Есентаева да өз ойын айтты.

“Құрамында бұрыш көп болатын шығар. Бәлкім, қант болатын шығар. Ол жағын білмеймін. Турсеннің мені қалай қабылдайтынын білмеймін ғой”, – деп күліп алды танымал продюсер.

Пікір қосу