Ташкент халықаралық әуежайына Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтың аты берілетін болды. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап juldyz.kz хабарлады.

Өзбекстанның қазіргі басшысы Шавкат Мирияев жарлығына сәйкес Ташкент әуежайы енді Ислам Каримовтың атымен аталады. Сондай-ақ, ел басшысы әуежайдың инфраструктурасын жақсартып, қызмет көрсету сапасын күшейтуді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін И. Каримовтың ескерткішіне халықаралық байқау да өткен болатын. Оған Украина, Оңтүстік Корей, Германия, Италия, Австралия, Өзбекстан, т.б елдерден 58 автор қатысқан болатын. Бас бәйгені жергілікті мүсінші Ильхом Жаббаров жеңіп алған еді. Осылайша 27 жыл билікте болған Өзбекстанның бірінші президентіне өлгенен кейін де құрмет көрсетіліп жатыр.

Пікір қосу