Туған жері, жылы, білімі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы Жанқош Тұраров 1990 жылы 20 қарашада Жамбыл облысы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. 7-сыныпқа дейін Ақкөл ауылындағы орта мектепте білім алып,  7-9 сыныптарын Алматы облысы, Іле ауданы, КазЦИК ауылындағы №6 орта мектепте жалғастырған. 9-сыныптан кейін Қазақ қатынас жолдары колледжіне оқуға түсіп, кейін осы оқу орнының университетін тәмамдаған. 

Жанқош

Отбасы

Жанқош — әжесі Нұржан Дәулетбекқызының сүйікті немересі. Ол Ақкөл ауылынан 2002 жылы отбасымен Алматыға көшіп келеді. Әкесінің есімі — Жасұлан, анасы — Гүлбану. Бауырлары: ағасы Жандос, інісі Әділет.  Биылғы жылдың 18 қарашасында Жанқош Тұраров Клара есімді арумен шаңырақ құрды.

Біздің анықтама:

Бойы: 175 см

Салмағы: 63,5 келі

Жұлдызы: Сарышаян

Спортшысы: Ермахан Ыбырайымов, Бекзат Саттарханов

Әншісі: «МУЗАРТ» ансамблі

Киносы: Үнді фильмдері

Ұстанымы: «Ерді намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді»

 

Жанқош

Бала Жанқош …

Жанқош бокс үйірмесіне 14 жасында жазылған. Алғашқы бапкері — Сағатбек Мұсаханов. Үйірмеге қатысқанына 2 апта болғанда алғашқы жарысына қатысып, 1-орын иеленеді. Ол кейін 2008 жылы Алматыға келіп, кәсіпқой бокстың қыр-сырын меңгереді. Ол алғашқы жекпе-жегін кәсіпқой бокстан 2009 жылы өткізіп, қарсыласын жеңген. Боксшы соңғы 19- кездесуінде 40 жастағы Даниэл Соуза Сантоспен (15-11-0, 12 КО) кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Жекпе-жек жартылай салмақ дәрежесінде Нью-Джерсиде өтті.

«Жанқош» есімін Сейітжапар бабасы (атасының әкесі) «жанның хошы болсын» деген ниетпен қойған.

Жеткен жетістіктері мен марапаттары

ЖанқошЖанқош Тұраров 2009 жылдың 6 ақпан күні Алматы қаласында кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. 2012 жылы кәсіпқой бокстан Қазақстан чемпионы атанды. Оған дейін Невада штатында бір-екі америкалық бокшысымен кездескен. Сол жерде бірнеше промоутер оны АҚШ-қа шақырады. 2013 жылы Майамиге кеткен ол қазір Нельсон Лопестің қол астында жаттығады. Жанқош Тұраров карьерасында 19 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 13 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған.

Пікір қосу