Танымал продюсер Алуа Қонарова “Ayumi” тобына кастинг жариялады. Бұл жайында продюсер инстаграм желісіндегі парақшасында хабарлады.

“Топқа қосылғысы келетін ару, тамаша ән сала білуі керек және биге деген икемі болуы тиіс. Жасы 20-25 аралығындағы қыз болуы керек. Топқа қосылғысы келетін қыз толық суретін, ән айтқан жазбасын және кішігірім бейнежазбасын жіберуі тиіс. Тамақты дәмді дайындап әрі киім жуа білу де артық етпейді”, – дейді продюсер.

Пікір қосу