Саясаттанушы Досым Сәтпаев өткен аптада ел басшысының халыққа айтылған жолдауы бойынша өз пікірін білдірді, — деп жазды Sputnik Қазақстанға.

Оның ойынша, ел билігі құзырлығының парламентке өтуі одан кейінгі президенттің өкілеттілігінің ықпалы аз болатындығын аңғартады дейді. Осылайша парламент алдағы уақытта екінші ел басшысын  шектен тыс кетпей, бақылауда ұстап отырады. Ал тақ мұрагері жөнінде ол соңғы жылдары еш өзгеріс болмағандығын айтты.

«Тақ мұрагеріне басты үміткер Дариға Назарбаева, күйеу баласы Тимур Кулибаев және саяси алаңда ерекше көзге түспейтін Самат Әбіш». Президент әулетінен тыс басқа бірден-бір үміткер Иманғали Тасмағанбетов. «Менің ойымша, Иманғали қазақ қоғамында беделі жоғары басты тұлға. Одан басқа шенеуніктердің танымалдығы тек белгілі бір көлеммен ғана шектеледі. Алайда оның элита ішінде қарсыластары көп. Сонымен қатар басты фактор оның кіші жүз өкілі болуында. Ұлы және орта жүз өкілдерінің оны бірауыздан қолдауы қиын жағдай» деп ойымен бөлісті.

Пікір қосу