2016 жылы шаңырақ көтерген жұлдыздарды juldyz.kz назарларыңызға ұсынады.

Серік Ибрагимов

Белгілі әнші Серік Ибрагимов қазан айының басында шаңырақ көтеріп, қолына Айнамкөз есімді бақ құсын қондырды. Жарының беташары әншінің туған жері Қызылорда облысының, Түгіскен қаласында өтсе, жас-жұбайлардың үлкен дүбірлі тойлары Қызылорда шахарында өтті.

Аманғали Сыпабеков

«Әзіл әлемі» әртісі, танымал пародист Аманғали Сыпабеков Марал есімді бақ құсын қолына қондырып, қараша айында Тараз қаласында дүбірлі тойын өткізді.  

Рүстем Қайыртайұлы

Айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлы орда бұзар отыз жасында шаңырақ көтерді. Қыркүйектің 22-жұлдызында дүбірлі тойын өткізген Рүстем Қайыртайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында: «Әке-шешемнің үйленген күнінде үйлену арманым еді. Тура сол күн, сол сағатта неке жүзігін салып, отау тіктім. Енді сол кісілердей бірнеше ұл-қыз өсірсем деген арманның құлағы «қылтиып» тұр», — деп жазған болатын.  Адуынды ақынның жары — Нұрболсын.

Асылбек Еңсепов

Қазақстандық белгілі домбырашы Асылбек Еңсеповтың тамыз айының 6-сы күні дүбірлі тойы дүркіреп өтті. Айжан есімді қызға таңдауы түскен музыканттың тойында достары, шоумен Нұртас Адамбаев, «МузАРТ» тобының солистері, әнші Тамара Асар және композитор Ренат Гайсин болды.

Жанқош Тұров

Кәсіпқой бокста 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен, WBA тұжырымы бойынша әлемдік рейтингте TOP-15-тің қатарына енген боксшы Жанқош Тұраров 18 қарашада Алматы қаласында орналасқан мейрамханалардың бірінде үйлену тойын дүркіретіп өткізді. 

Дидар Амантай мен әнші Гүлбаршын Тергеубекова

Дәстүрлі әнші Гүлбаршын Тергеубекова мен ақын әрі жазушы, кинематографист Дидар Амандай көңіл жарастырып, шаңырақ көтерді. Жақында қарым-қатынастарын ұзақ уақыт жасырып келген танымал тұлғалар  қызды болған еді. Қыздарының есімін Рәбия-Сұлтан-Бегім деп қойды.

Пікір қосу