20 желтоқсан күні Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, күйші, композитор Қаршыға Ахмедияровтың 70 жылдығына арналған «Күй Қаршыға – күй ғұмыр» атты еске алу кеші өтеді.

Рухани  іс-шараның басты мақсаты – күйшінің салып кеткен сара жолын, рухани бай мұрасын жас ұрпаққа насихаттау.

Кеш қонақтары: Ғафиз Есімов, Айгүл Қосанова, Батыржан Мықтыбаев, Тұрарбек Хайралиев, Халес Капизов, Салтанат Құдайбергенова, Абай Қойшыбаев, Венера Алпысбаева, Абылай Тілепбергенов, Төлеген Рахымбаев, Тимур Тілеуқабылов, Жанаргүл Сәркенова, Ақтоты Ахмедиярова және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері қатысады.

Оркестрдің бас дирижері  «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Арман Жүдебаев, дирижерлар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жамағат Темірғалиев, Жанас Бекентұров.

Концертті жүргізуші —  Мәдениет қайраткері Тұрарбек Хайралиев.

Келем деушілерге есік ашық.

Пікір қосу