Режиссер Асқар Ұзабаевтың тағы бір жаңа туындысы «Келинка тоже человек» («Келін де адам баласы») комедиясының түсірілімі аяқталды, — деп жазады kinostan.kz.

Жобаға Әсел Сәдуақасова продюсер болды. Келіннің рөлінде де өзі ойнайды. Одан бөлек, актерлік құрамда Данагүл Темірсұлтанова (ене), Данияр Алшынов (күйеу), Әмина Малғаждар (қыз) және Әбунасыр Серіков бар.

Фильм мазмұнында келін мен ененің қарым-қатынасы сөз болады. Сюжет бойынша екеуінің орындары алмасып кетіп, келінге ененің жаны, енеге келіннің жаны қонады. Түсірілім жұмыстары биыл қазан айының соңында басталған еді. Енді премьерасы 2017 жылдың басына жоспарланып отыр.

Айта кетсек, Алматыда Асқар Ұзабаевтың «Гламұр для дур» атты комедиялық фильмінің тұсауы кесілді. Басты рөлдерде «КешYou» тобының солисті Ақбота Сейітмағамбет пен тележүргізуші Әсел Ақбарова ойнаған.

Пікір қосу