Болат Кеңесбекұлы Ниязымбетов – боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Алғашқы бапкері – Д.Буданбеков. Қазақстанның және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы.

Туған жылы: 19 қыркүйек, 1972 жылы

Туған жері: Тараз қаласы, Жамбыл облысы

Отбасы: Жары Сандуғаш, қыздары Аяулым, Дария, ұлдары Бейбарыс, Бекарыс

Еңбек жолы:

  • Құқық қорғау органдарында жұмыс істеген;
  • Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасының жаттықтырушысы;
  • «Астана арландары» бокс клубының бапкері;
  • Түркия жастар құрамасында екі жылдай жаттықтырушы;
  •  Ирак бокс құрамасының бапкері.

Жетістіктері:

  • 1991 ж. (Минск, Беларусь) КСРО халықтары спартакиадасының қола жүлдегері;
  • 1993 ж. ТМД чемпионатының жүлдегері;
  • 1994-1995 ж. (Тегеран, Иран, Ташкент, Өзбекстан) Азияның екі дүркін чемпионы;
  • 1994 ж. (Бангкок, Тайланд) Әлем кубогы бәсекесінің жүлдегері;
  • 1994 ж. (Хиросима, Жапония) 12-Азия ойындарының қола жүлдегері;
  • 1995 ж. (Ташкент, Өзбекстан) Орта Азия ойындарының жеңімпазы;
  • 1996 ж. (Атланта, АҚШ) 26-Олимпиялық ойындардың қола жүлдегері;
  • 1997 ж. (Пусан, Оңт. Корея) 2-Шығыс Азия ойындарының алтын жүлдегері болды.

 

Пікір қосу