Тұңғыш Президент күніне орай Алматыда сырғанауға арналған тегін екі мұз айдыны ашылды.  Мұз айдыны  Жібек жолы — Абылай хан көшесінде және Қазақстанның Тұңғыш Президенті саябағының алдында іске қосылды. Ашылу салтанатына  Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің қатысты.

Сырғанау алаңдарының жалпы аудандары 800 және 840 шаршы метрді құрайды. Салтанатты ашылу рәсімі Қазыбек Байбұлов атындағы БЖСМ тәрбиеленушілері және «Olympic ice» тобының орындауындағы кішігірім концертпен жалғасты. Балалар мен жасөспірімдерге әртүрлі жарыстар ұйымдастырлып, сыйлықтармен марапатталды.

Мұз айдынында  керекті жабдықтармен, конькилерді жалға беру және тамақтану орталықтарымен қамтамасыз етілген. Олар демалыс күндері  11:00-ден 23:00-ге дейін, ал қалған күндері 12:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Конькиді 1 сағатқа жалға алу 600 теңгені құрайды. Ал өз конькилеріңізбен келсеңіз тегін сырғанай аласыздар. Тегін сырғанау мұз айдындары қыс мезгілінің соңына дейін істейді.

Пікір қосу