Сейілда Икрамұлы Байшақов — КСРО құрамасында доп тепкен тұңғыш қазақ баласы, әйгілі қорғаушы, КСРО спорт шебері, Қазақстанның еңбегі сіңірген жаттықтырушысы.

Туған жылы: 28 тамыз,1950 жылы

Туған жері: Жамбыл қаласы

Білімі: Жамбыл футбол мектебінің түлегі

Отбасы: Әкесі, марқұм Икрам Берікбайұлы Байшақов Ұлы Отан соғысына қатысқан

Еңбек жолы:

  • 1971-1981 ж. «Қайрат» сапында өнер көрсеткен;
  • КСРО чемпионаттарында 296 ойын өткізіп, 11 гол соққан. Оның ішінде Кеңес Одағы чемпионаттарының жоғарғы тобында 225 матч өткізіп, жеті голдың авторы атанған;
  • 1974-1981 ж. «Қайрат» клубының капитаны;
  • 1971 ж. Халықаралық теміржолшылар спорттық одағы кубогының иегері;
  • Шағын футболдан ҚР федерациясының президенті;
  • Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті.

1978 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезінде Венгрия мен Грекияға қарсы қос ойын өткізді.

1971 жылы «Қайрат» тұңғыш рет теміржолшылар Кубогын жеңіп алып, сол жылы «спорт шебері» атағы берілді.

Сейілдә Байшақов «Қайратта» өткізген 10 жыл ішінде 296 ойын өткізіп, қарсыластар қақпасына 11 гол соққан. Талай жыл команда капитаны болды.

Пікір қосу