Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрда «Ақтастағы Ахико» атты тарихи драманың премьерасы өтті.

Спектакльге арқау болған  оқиға – жапондық Ахико Тецуроның тағдыры. Тэцуро Ахико Кеңес Одағының әскері Оңтүстік Сахалинді басып алған 1945 жылы қолға түскен. Бұл кезде Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, қойылымдағы Алаш азаматтарының әкелері Сейфолла, Садуақастар да атылып кеткен. Ғашығы Катя — ойдан шығарылған кейіпкер.

381a9257

Ол Қарлаг түрмесіне 15 жасында түсіп, жан төзгісіз азапты торда 10 жыл отырған. Лагерьден өлімші халде босап шыққан ол қазақ анасының қамқорлығының арқасында тірі қалады. Заман түзеліп, Отанына шақыру алып барғанымен онда тұрақтай алмай, Қазақстанға қайта оралған.

381a9592

Ахико Тецуроның тағдыр жолы – сталиндік зұлмат жылдарда Қазақстанға қоныс аударған, айдалып, жазықсыз сотталып лагерьлерге әкелінген мыңдаған адамдардың, түрлі ұлт өкілдерінің тағдыры. Қойылымның идея авторы, Қарлаг лагері туралы он сегізге жуық кітап жазған Нұрлан Дулатбеков. Карлаг қасіретін қазақ сахнасында алғаш рет бейнелеп отырған қойылым Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.

 

Пікір қосу