Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан бокстан 19-шы әлем біріншілігінде Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына алтын медаль түсті. 56 келі салмақта өнер көрсететін Қайрат Ерәлиев әлем чемпионы атанды. Бұл туралы juldyz.kz сайты хабарлайды.

Қайрат Ерәлиев  финалдық жекпе-жекте АҚШ-тың боксшысы Дюк Раганды жеңіп жеңімпаз атанды. Қайрат осы әлем біріншілігінде қазақ боксшыларынан бірінші болып финалға өткен еді. Енді міне бірінші болып чемпион атанды. Алда Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаевтың жекпе-жектері бар.

Қайрат Ерәлиев 1988 жылы 8 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Жеке бапкері Мырзағали Айтжанов. Әлем біріншілігінің қола жүлдегері, (2013 жыл) Азия ойындарының қола жүлдегері, (2014 жыл) Азия біріншілігінің қола жүлдегері (2015-17 жылдар), халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Енді әлем чемпионы деген атаққа қол жеткізді.

Пікір қосу