«Қазақ көтерілістері. Азаттық мұраты» атты көрмесі — 1916 жылғы Ұлттық-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған көрме.

1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісіне биыл 100 жыл толады. Бұл көтеріліс Қазақстанды ғана емес, букіл Орта Азияны да қамтыды.

Көрменің негізгі мақсаты — халықты Жетісу мен Торғай сияқты 1916 жылғы азаттық жолындағы күрестің негізгі орталықтарымен таныстыру.

Көрмені 26 қазаннан бастап  ҚР-ның Мемлекеттік Орталық Музейінде тамашалай аласыздар.

Пікір қосу