Ерлан Жүніс, ақын:

  • Жыл бойы жазудан қолым босамады. Сондықтан кейбір саяси-әлеуметтік мәселеге тереңірек үңілуге мүмкіндігім де болған жоқ. Десе де, мені үнемі толғандыратын өзекті мәселелердің бірі – жастар мәселесі. Қазір әлем халқының 20 пайызы жастар. Біріккен Ұлттар Ұйымның 2015 жылғы мәлімдемесіне  негізделсек, қазіргі әлем жастарының ең өзекті мәселесі олардың радикалды көңіл-күйде болуы екен. Жастардың осы әлсіздігін радикалды топтар өз мақсатына пайдаланып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан жастарды жұмыспен және баспанамен қамту біздің қоғамдағы ең толғақты мәселелердің бірі деп білем. Келесі жылы осы бағытта жақсы жобалар жасалады деген  үміттемін

Пікір қосу