Үндістан мен Пәкістан арасында ушыққан жағдайға байланысты Қазақстанның Делидегі елшісі Болат Серғазиве Сырты істер министрлігінің Telegram-каналына сұқбат берді. Бұл туралы Holanews бөлісті
Елші қазір Үндістаннан Қазақстанға кері орала алмай отырған азаматтардың жағдайы туралы айтты.
«Үндістан мен Пәкістан арасындағы ушыққан саяси жағдайға байланысты 27 ақпан күні әуе кеңістігі жабылып, салдарынан «Эйр Астананың» 4 бірдей рейсі кейінгі қалдырылды. 27 күні ұшуы тиіс 168 жолаушыны «Эйр Астана» компаниясы қонақ үйге орналастырды, 28 ақпан олар Қазақстанға альтернативті маршрут арқылы қайтты»,-деді ол.
1-ші наурыздағы жағдайға келсек, 304 жолаушының мәселесі әлі де шешілмеген.
«1-ші наурыздағы жағдайға келсек, 304 жолаушының мәселесі шешімін әлі таппады, оның ішінде 170 адам «Эйр Астана» компаниясының рейсі, Дели-Алматы маршруты»,-деді ол.
Еске салсақ, кеше Пәкістан солтүстік Үндістанның Джамму және Кашмир штаттарын атқылаған. Аталған жағдайға байланысты Air Astana Дели рейсін кейінге шегерген еді.