ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі болып Оңдасын Оразалин тағайындалды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин облыс әкімдігінің активіне өңірдің жаңа басшысы Оңдасын Оразалинді таныстырды.   Еске сала кетейік, Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған болатын. Ол Ақтөбе облысының әкімі қызметіне 2015 жылдың қыркүйегінде кіріскен еді.

 

Пікір қосу