1397552 03.03.2013 Спортсмен из Казахстана Алексей Полторанин, завоевавший бронзовую медаль в гонке на 50 км классическим стилем с масс-старта в соревнованиях мужчин на чемпионате мира по лыжным видам спорта в итальянском Валь-ди-Фьемме, на церемонии награждения. Илья Питалев / РИА Новости

Қазақстандық шаңғышы, шаңғы бойынша Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полтаранинді австриялық полицейлер антидопингтік ережені бұзды деген айыппен қамауға алды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

БАҚ берген ақпарат бойынша , Полтараниннен бөлек, эстон шаңғышысы Андрус Веерпалу және австриялық Макс Хауке қамауға алынған.  Неміс және австриялық полицейлердің халықаралық допинг желісін анықтау аясындағы акция барысында осындай әрекеттерге барғаны айтылады. Барлығы тоғыз адам ұсталған, оның ішінде бес спортшы бар.  Сәрсенбіде, 27 ақпанда, Австрияның Зеевельд қаласында әлем біріншілігінде өнер көрсетіп жатқан Полтаранин ерлер арасында 15 шақырымдық классикалық жүріс бойынша алтын медальға таласуы керек еді. Алайда қазақстандық спортшы жарысқа қатыспады. Бейресми мәлімет бойынша, бұл жағдай қамауға алу шарасына байланысты болса керек. Себебі Австрияда допинг қолдану — қылмыстық іс.

Пікір қосу