Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында плакат ұстап, наразылық көрсеткен екі азаматты қала әкімінің есеп беру жиыны өтіп жатқан залдан шығарып жіберді. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.
-
«Плакат бейбіт митинг өткізу туралы ғана жазылған. Мен 77 рет өтініш жаздым. Алайда, ешқандай оң жауап жоқ. «,-деді Альбек Ерғазиев.
-
«Олар мені кірберістен ұстап алды. Мен тек халыққа жалақы туралы шындықты айтқанын қалаймын. Әкімге төрт сұрақ дайындап келгенмін. Алайда олар мені кіргізбеді.»,- деп ағынан жарылды Мақсат Айсауытов.